Жаңалықтар

«1+2= игі істердің жалғасы…»

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының zoom платформасында ұйымдастырған шарасы осылай аталды.

Шараға облыстық әкімдік, мәслихат қызметкерлері, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен орталық мемлекеттік органдарының аумақтық департамент басшылары, ардагерлер, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті оқытушылары, «KTZ  EXPRESS» АҚ, облыстық БАҚ және үкіметтік емес ұйымдары өкілдері қатысты.

  • Бүгінгі шараның «1+2=игі істердің жалғасы» деп аталуы да бекер емес.

Өздеріңізге белгілі, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау өңірлік оқыту орталықтары Үкіметтің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі 559-ыншы Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қосылу арқылы оның құрылымдық бөлімі, яғни филиалы болып қайта құрылды. Бүгінде Академияның ел өңірлерінде белсенді еңбек етіп отырған 16 филиалы бар. Филиалдардың құрылғанына 3 жыл толып отыр. Осыдан үш жыл бұрын 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы құрылған болатын. Бүгін біз филиал жұмысын қорытындылап, алдағы мақсаттарды айқындау мақсатында шара өткізіп отырмыз. Осы ретте ел игілігіне қызмет ету жолында Академия филиалына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан облыс әкімдігіне алғыс білдіреміз, — дейді филиал директоры, шара модераторы Саида Сәдуақасова.

Академияның бірінші вице-ректоры  Еркін Дүсіпов филиал ұжымын үш жылдықпен құттықтап, ыстық ықыласын жеткізді.

Шара барысында филиалдың әкімшілік бөлімінің басшысы Ғалия Сурбаева,

филиалдың профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Раушан Есберген облыс әкімінің Алғыс хаттарына ие болды.

Одан әрі мемлекеттік қызмет ардагері, «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев, ҚР Мемлекеттік істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Әділбек Мұқашев, филиалдың ардагері Зәпен Жұмабаева, Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шерияздановтар сөз сөйледі.

Филиал директорының айтуынша, үш жыл ішінде филиал өңірдегі жоғары оқу орындары — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен серіктестік қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында меморандумға қол қойды. Бірлескен «Мансап», «Болашақ басқарушылар мектебі», «Денсаулық психологиясы», «Жаңа формациядағы полиция қызметкері», «Парасаттылық мектебі» жобаларын жүзеге асырды.

«Филиал жұмысының басымды бағыттарының бірі — интеллектуалдық өнім. Осы жылдар ішінде  мемлекеттік қызметшілердің жеке тұлға ретінде дамуына үлес қосатын «Время инвестировать в себя», «Тайм менеджмент», сондай-ақ «Көшбасшы күнделігі» атты кітаптар шығарылды», — дейді филиал директоры Саида Сәдуақасова.

ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев филиал ұжымына жылы лебізін бейнебайланыс арқылы жолдады. Сондай-ақ штаттан тыс лектор, филиалдың бұрынғы профессоры Алтын Мырзашова да әріптестерін үш жылдық мерейтойларымен құттықтап, монологы мен арнаған одасын оқып берді.

Ақтөбе облысы бойынша Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті әкімшілік және қаржы бөлімінің бас маманы, экономика ғылымдарының магистрі Сұлтан Мәжитов мемлекеттік қызмет саласында қызмет ететін бухгалтерлерге арналған оқу құралын құрастырып, осы шарада таныстырылымын жасады.

Сондай-ақ Қобда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арман Қабылов және Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің әкімі Бостан Амантұрлиев  филиал ұжымын құттықтап, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін көтерудегі зор еңбектері үшін алғыстарын жеткізді.

Шара Сайлаубек Елмановтың «Ақтөбем» әнін орындаған Ақтөбе өнерпаздарының бейнеролигін көрумен түйінделді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button